Жаңасемей ауданына жаңа мектеп автобусы табысталды

    1 / 2

    Республика күні қарсаңында облыс әкімі Берік Уәли қалалар мен аудандардың білім беру ұйымдарына жаңа мектеп автобустарының кілтін салтанатты түрде табыстады.

    Аталған игі бастама аясында Жаңасемей ауданының білім бөліміне қарасты «Приречное жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-не жаңа мектеп автобусы берілді. Автобустың кілтін мектеп директоры Жасұлан Асқарұлы Нұрахметов салтанатты түрде қабылдады.

    Жаңа автобус оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда білім алуына, мектепке қатынауын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл-ауыл балаларының сапалы білім алуына жағдай жасау бағытындағы маңызды қадам.

    Оқушылардың қауіпсіздігі мен білім алуына қолайлы жағдай жасау-басты міндеттердің бірі. Жаңа автобус игілікке қызмет етіп, жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жаңасемей ауданының әкімдігі" жаңалықтары