
Жаңасемей ауданында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз жаққан шырақ-шәкірт жүрегіндегі жарық» атты мерекелік шара өтті.
Салтанатты жиында аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, білім мен тәрбие жолындағы еңбектеріне алғыс білдірді.
Шара барысында білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ауданның білім беру жүйесінің дамуына үлес қосқан бірқатар ұстаздарға Алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік кеш соңы ұстаздарға арналған концерттік бағдарламаға ұласып, өнерпаздар ән айтып, би билеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.









