
Абай облысында осы аптада жауын-шашынның жаууына байланысты жолдарда көлік қозғалысы қиындауы мүмкін.
Көршілес өңірлердегі ауа райының өзгеріп, жауын соңы қарға ұласуы да жол жағдайына әсер етуі ықтимал. Осыған байланысты патрульдік полиция батальоны жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жылдамдығын төмендетуге және жолдағы жағдайға барынша мұқият болуға шақырады.
Жүргізушілерге ауа райы мен жол жағдайын алдын ала ескеріп, көлік құралдарының техникалық дайындығын тексеру ұсынылады. Атап айтқанда, дөңгелектердің жай-күйіне, тежегіш жүйесіне, жарық құралдарына және әйнек тазалағыштарға назар аударған жөн.
Егер жолға шығу қажет болса, сапар алдында ауа райы болжамы мен жолдардың жағдайы туралы ақпаратты тексеріп, жол бойындағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар.
Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін бірінші орынға қойыңыздар!









