
Бір сәттік асығыстық — орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.
Абай облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Өткен аптада жол қозғалысы ережелерін бұзған бірқатар жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда:
88 жүргізуші — маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін;
8 жүргізуші — көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін;
7 жүргізуші — көлік құралын қайта жабдықтау талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, белгіленген қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс арттырған 6273 жүргізушінің жолы кесілді.
Жылдамдық — жарыс емес. Маневр — ойын емес. Мас күйде рөлге отыру — қылмысқа апаратын қауіпті қадам.
Жолдағы әрбір әрекет тек жүргізушінің ғана емес, жолаушылар мен жаяу жүргіншілердің де өміріне әсер етеді. Бір сәттік немқұрайлылықтың салдары қайтымсыз болуы мүмкін.
Жол ережесін сақтау — талапты орындау ғана емес, адам өміріне деген жауапкершілік.
Құрметті жүргізушілер! Жолда сабыр сақтап, жылдамдық режимін сақтаңыздар, қауіпті маневрлерден бас тартыңыздар және көлік құралын мас күйде басқармаңыздар.
Қауіпсіз жол — әрқайсымыздан басталады. Заң мен тәртіп — баршаға ортақ.









