
Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Абай облысының полицейлері құрылыс жұмыстарынан кейін қоқыс қалдықтарының ретсіз шашылып жатқанын көрсететін бейнежазбаны анықтады.
Полиция қызметкерлері ақпарат бойынша жедел әрекет етіп, қоқыс қалдықтарын белгіленбеген жерге тастаған азаматты анықтады. Ол — 27 жастағы қала тұрғыны.
Полицейлер азаматпен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, абаттандыру қағидаларын сақтау қажеттігін түсіндірді. Өз кезегінде тұрғын өз әрекетінің салдарын түсініп, тастаған қоқыс үйіндісін өзі жинап, аумақты толықтай тазалап кетті.
Полиция азаматтарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастамауға және елді мекендердің көркеюіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Таза аумақ — ортақ міндет. Тазалық әр адамның өзінен басталады.









