
2 қазан күні Бастаушы ауылдық клуб үйінде әйелдер мен ерлердің қоғамдағы тең мүмкіндіктерін насихаттау, гендерлік теңдік қағидаттарын түсіндіру және азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуын қолдау мақсатында «Әйел мен ер – қоғамдағы тең мүмкіндік» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қоғамдағы әйел мен ер адамның орны, олардың құқықтары мен міндеттері, отбасы мен қоғамдағы өзара сыйластық, бір-біріне қолдау көрсету және тең мүмкіндік беру мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, әйелдер мен ерлердің қоғамның дамуына қосып отырған үлесі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, әр адамға жынысына қарамастан білім алуға, еңбек етуге, өз қабілетін дамытуға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуға бірдей мүмкіндік берілуі маңызды екені айтылды.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қоғамдағы татулық пен теңдікті қалыптастыру әр азаматтың ортақ міндеті екендігін атап өтті.








