САБАҚ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
2026 жылдың 23 қарашасында Қостанай ауданының физика-математика пәндерінің педагогтерімен «Сабақ сапасын арттырудағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық семинары өткізілді. Мақсаты: білім беру үдерісінің сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған тиімді әдістемелік тәсілдерді, заманауи білім беру технологияларын және үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау, жинақтау және тарату.Семинарда: «Физиканы оқыту тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллектіні қолдану» Баймулдин Серік Сарварович – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Ы. Алтынсарин атындағы мектеп» КММ физика пәнінің мұғалімі. «Инклюзивті білім берудегі цифрлық платформалардың мүмкіндіктері»Алдамбергенова Карлыгаш Токбаевна – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Заречная №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі.Шеберлік сабағы: «Сапа коды: жасанды интеллектіден әрбір оқушының жетістігіне дейін»Лобус Лидия Александровна, Масакбаева Сандуғаш Қазымбековна – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Майкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімдері.«Жасанды интеллект және 3D-модельдеу: функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері» Бибулатова Анжелика Руслановна – математика пәнінің мұғалімі;Кравченко Ксения Александровна – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы» КММ математика және информатика пәндерінің мұғалімі.«Интерактивті «Ақылды дүкен» ойыны мысалында үлгерімі төмен оқушыларды қолдау үшін жасанды интеллектіні пайдалану». Достанова Алия Алхадыровна – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Садчиков жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі.Раймер Мира Азаматовна – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Тобыл қаласының №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі. «Сингапур әдісін қолдану арқылы математика сабағында оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту»Есімхан Фарида Еркінқызы – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Рыспай негізгі орта мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі. «Математика мұғалімінің көмекшісі ретінде жасанды интеллект: күнделікті жұмыстан интерактивті оқытуға дейін», Алмагамбетова Зибагуль Агайдаровна, Умуртаева Асем Саматовна – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Мичурин жалпы білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімдері, «Физика сабағында жасанды интеллект және цифрлық білім беру ресурстары арқылы «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру». Абдуллина Айшабибі Дастанқызы – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ физика пәнінің мұғалімі,«Қиындықтан түсінуге дейін: мектепте физиканы оқыту барысында туындайтын қиындықтарды жеңудің тиімді әдістері»,Жакишева Светлана Есимхановна – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Айсары жалпы білім беретін мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі, «Формуладан тәжірибеге дейін: физика сабақтарында жасанды интеллектіні қолдану»,Танатканова Назгүл Жұмаділовна – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Мичурин жалпы білім беретін мектебі» КММ физика пәнінің мұғалімі, Тәжірибеден: «STEM арқылы физиканы жаңаша оқыту». Есмағанбетова Гүлмира Әбілтайқызы – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Озерный негізгі орта мектебі» КММ мұғалімі,«Цифрлық ресурстарды пайдалану арқылы физиканы оқытудағы сараланған тәсіл және дербестендіру» Байжанов Ерлан Құрмашұлы – Қостанай ауданы білім бөлімінің «Сергеев негізгі орта мектебі» КММ мұғалімі өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









