ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ

    *ТжКББ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫ*
    2026 жылғы 19-20 қараша күндері Ақмола облысының Көкшетау қаласында «Әлеуметтік-мәдени қызмет» құзыреттілігі бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқаудың басты мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби, шығармашылық және педагогикалық құзыреттерін бағалау, озық тәжірибелерін анықтау және кәсіби шеберліктерін шыңдау.
    Байқау бағдарламасы төрт негізгі модульді қамтыды:
    -«Визит карточкасы. Қазіргі мұғалімнің портреті»;
    -«Мәдени оқиғаны жобалау»;
    -«Іс-шараның сценарий-режиссерлік әзірлемесі»;
    -«Педагогикалық сабақ: мазмұны мен технологиясы».
    Аталған байқауда *Қостанай облысының намысын Қостанай жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, хореография кафедрасының меңгерушісі Доспанова Салтанат Мұратқызы* абыроймен қорғап, жоғары кәсіби шеберлігін танытып *І орынды иеленді*!
    Салтанат Мұратқызын республикалық байқаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – үздіксіз ізденістің, кәсіби біліктіліктің, шығармашылық ізденістің және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншіліктің жемісі. Сізге сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз! Өнер мен білім жолындағы еңбегіңіз әрдайым лайықты бағаланып, кәсіби биіктерден көріне беріңіз!
    Жеңісіңіз құтты болсын!💐❤️

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" жаңалықтары