Облыстық «Жыл шебері – 2026» кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы

    1 / 6

    Облыстық «Жыл шебері – 2026» кәсіби шеберлік байқауының қорытындысы

    2026 жылғы 19 қарашада Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында өткен «Жыл шебері – 2026» облыстық кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті.

    Байқау WorldSkills стандарттары бойынша CIS платформасын пайдалана отырып өткізілді. Ол екі кезеңнен тұрды: сырттай кезең (оқу шеберханасының бейнепрезентациясы) және бес модульді қамтыған күндізгі кезең: тест тапсырмалары, бағалау парағын және өндірістік оқыту сабағының жоспарын әзірлеу, жасанды интеллект көмегімен тапсырма құрастыру және шеберлік сабағын өткізу.

    Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

    I орын– Летова Елена Алексеевна (Қостанай құрылыс колледжі).

    II орын– Никулина Анна Владимировна (Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі);
    Кожатаева Надежда Викторовна (Жітіқара политехникалық колледжі).

    III орын– Ласкин Максим Сергеевич (Қ. Доненбаева атындағы кәсіптік-техникалық колледжі);
    Юнкинд Станислав Евгеньевич (Қазақстан агротехникалық колледжі);
    Байгереев Серик Ғаймоллаұлы (Арқалық политехникалық колледжі).

    Қалған қатысушылар байқауға белсенді қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға алдағы кәсіби қызметтеріне табыс, шығармашылық шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" жаңалықтары