EgovKzBot2.0 телеграм-боты

    Біз ең қажетті анықтамаларды Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінбей-ақ, Egov порталы арқылы алуды үйреніп қалдық. Бірақ ноутбук немесе компьютер болмағанда не істеуге болады? EgovKzBot2.0 телеграм-боты осыған ұқсас жағдайлар үшін құрылған. Оның көмегімен сіз смартфон арқылы қажетті анықтамаларды ала аласыз. Қазір телеграм-бот арқылы 30-дан астам мемлекеттік қызмет пен сервис қолжетімді – сотталмағандығы туралы анықтама, тіркеу туралы ақпарат, айыппұлдарды тексеру, зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірме және басқалар. Сондай-ақ бот арқылы ХҚО-ға кезекке тұруға болады.
    Ботты пайдалана бастау үшін смартфонға Telegram мессенджерін орнатыңыз және іздеу жолында @Kenes1414Bot деп енгізіңіз. Бот қызметтерін пайдалану үшін Сіз азаматтардың мобильді базасында тіркеліп, нөміріңізді ЖСН-мен байланыстыруыңыз керек. Содан кейін "старт" батырмасын басып, қажетті қызметті табыңыз.
    Білген маңызды!
    * Егер SMS-код алу бойынша қиындықтар туындаса, 1414 байланыс орталығына хабарласыңыз және ұялы телефоныңызды ауыстырғаныңыз туралы операторға хабарлаңыз.
    * Телеграм-Ботта жаңа қызмет пайда болған кезде оны пайдалану үшін ботты қайта жаңарту қажет. Бұл мәзірдің "Тарихты тазарту" тармағын пайдаланып, содан кейін "Бастау"түймесін басу арқылы жасалады.
    Телеграм-Боттың навигациясы ыңғайлы және түсінікті, анықтамаларды кез келген жерден алыңыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көкпекті ауданының әкімдігі" жаңалықтары