ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: МҮМКІНДІКТЕР КӨКЖИЕГІ

    1 / 3

    ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ: МҮМКІНДІКТЕР КӨКЖИЕГІ

    2026 жылғы 23 қазанда А. Чутаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында «Жасанды интеллект: мүмкіндіктер көкжиегі» тақырыбындағы облыстық әдістемелік күн аясында «Педагогикалық идеялар калейдоскопы» педагогикалық фестивалі өтті.

    Фестивальге қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры Раисов Рамазан Елеусизович білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің маңыздылығын атап өтті. Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде жасанды интеллектіні дамытуға және цифрландыруға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанын айтты.

    Фестиваль аясында педагогтер өздерінің тәжірибелік жұмыстарын ұсынып, оқу үдерісінде жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктерімен бөлісті.

    Өз тәжірибелері мен педагогикалық идеяларын келесі ұстаздар ұсынды:

    - «Бір рет басу арқылы сабақ: жасанды интеллект көмегімен білім беру қосымшаларын жасау» — Дулат МейрбекұлыТастемиров, Первомай жалпы білім беретін мектебінің директоры.

    - «Жасанды интеллект — мұғалімнің жаңа серіктесі» — Ширин Тиллабекқызы Абибуллаева, Сосновка жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі.

    - «Ойна және үйрен: интерактивті оқыту ойындарын әзірлеу» — Зияда Қайратқызы Магзумова, Введен жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

    - «Іс-әрекеттегі химия: түсіндіреміз, зерттейміз, тәжірибе жасаймыз» — Гульнара Исламовна Султанбекова, Краснопреснен жалпы білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі.

    - «Педагогтің цифрлық көмекшілері: идеядан білім беру өніміне дейін» — Кымбат Серікқызы Аманжолова, А. Чутаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі.

    -«Цифрлық жаттықтырғыш: білімді бекітуге арналған қосымшалар жасау» — Гульжан Халеловна Ахметбекова, Г. Жұмабаев атындағы Боровской мектеп -гимназиясының информатика пәні мұғалімі.

    Фестиваль педагогтердің тәжірибе алмасуына және білім беру үдерісіне жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу жолдарын талқылауына мүмкіндік берді.

    Қатысушылар жаңа цифрлық құралдармен танысып, жасанды интеллектіні күнделікті педагогикалық тәжірибеде қолдануға болатын тың идеялар алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" жаңалықтары