ҰРПАҚҚА БАҒДАР: ҰЛЫ ЖЕРЛЕСТЕРДІҢ РУХАНИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ ТӘРБИЕШІЛЕРДІ ҚАЛАЙ ШАБЫТТАНДЫРАДЫ
20 қазан күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММмен "Сарыкөл ауданының білім бөлімі" ММ ұйымдастырған «Ұлы тұлғалар жолы» жобасын іске асыру аясында «Туған жердің тұғырлы тұлғалары» Бекет Өтетілеуов пен Өмірзақ Сұлтанғазин облыстық ғылыми-танымдық кездесу өтті. «Ұлы тұлғалар жолы» жобасы аясында өткен кездесуге Сарыкөл ауданыныңпедагогтері қатысты. Семинардың басты мақсаты – қазақ халқының көрнекті тұлғалары, академик, физика-математика ғылымдарының докторы Өмірзақ Сұлтанғазин мен ағартушы, педагог, ақын, аудармашы Бекет Өтетілеуовтың өмір жолын, ғылыми, әдеби және рухани-ағартушылық идеяларын насихаттау, сондай-ақ олардың мұрасын қазіргі оқу-тәрбие үдерісінде өзектендіру.
Кездесудің қонақтары сөз сойледі Қостанай өңірлік университеті А. Байтұрсынұлы атындағы университеттің Ө. Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институтының физика, математика және цифрлық технологиялар кафедрасының ассистент-профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Демисенов Берик Нуртазинович, аталған кафедраның педагогикалық және экономикалық ғылымдар магистрі Демисенова Женискуль Сейтжановна.
Ұлы тұлғалардың рухани мұрасын дәріптеу – тарихқа тағзым етіп қана қоймай, келешекке бағдар көрсету. Ұстаздың өнегелі сөзі мен тағылымды ісі арқылы жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, білімге деген ынта-ықылас және азаматтық жауапкершілік қасиеттері қалыптасады.
Ұлт рухын асқақтату – келер ұрпақ алдындағы аманат!









