ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ — ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА! ТЖКБ ЖҮЙЕСІНІҢ ПЕДАГОГТЕРІ МЕН СТУДЕНТТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК КОНКУРСТАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІСТЕРІ
Қостанай облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өкілдері республикалық кәсіби шеберлік конкурстарында өңір намысын абыроймен қорғап, жоғары кәсіби даярлықтарын, құзыреттіліктерін және өз ісіне деген адалдықтарын көрсетті.
II орын — тау-кен металлургия саласы
ҚГКП «Рудный политехникалық колледжінің» арнайы пәндер оқытушысы Шинкевич Светлана Александровна Хромтау қаласында өткен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы тау-кен металлургия саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсында құрметті II орынға ие болды.
I орын — AgroLeague-2026
Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша Тараз қаласында өткен AgroLeague-2026 республикалық конкурсында Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің I курс студенті Улыжбаев Алдияр жеңімпаз атанды. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінің, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты. Бұл жеңіс колледж үшін ғана емес, бүкіл Қостанай облысы үшін де маңызды жетістік болды.
Жеңімпазды дайындауға өндірістік оқыту шеберлері Құрмамбаев М. Д. және Қасымов Р. М., оқытушы Нұржанов А. А., оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Күнеділов М. М., бөлім меңгерушісі Тотин А. К. және Карпенко А. С. қатысты.
III орын — теміржол саласы
ҚГКП «Рудный тау-кен технологиялық колледжінің» арнайы пәндер оқытушысы Сафина Эльвира Рафкатовна 2026 жылғы 15–16 қазанда Павлодар қаласында өткен «Көлік және байланыс» саласы бойынша «Жылжымалы құрамды пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының қола жүлдегері атанды.
Конкурс барысында педагог жоғары теориялық және практикалық дайындық деңгейін, кәсіби құзыреттілігін, теміржолдың жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету және оны пайдалану дағдыларын сенімді меңгергенін көрсетті.
Теміржол саласында өңіріміздің намысын КИнЭУ Кәсіпкерлік жоғары колледжінің «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша оқытушысы Шолохова Ирина Сергеевна да абыроймен қорғады. Республикалық конкурс қорытындысы бойынша ол медальонмен марапатталды. Қатысушыларға кәсіби қолдау көрсеткен арнайы пәндер оқытушысы Жаксалыкова Кунсулу Салыковна сарапшылық жұмысы үшін «Алғыс хатпен» марапатталды.
II орын — IT саласы
ҚГКП «Қостанай цифрлық индустрия колледжінің» арнайы пәндер оқытушысы Сулейменов Асылхан Аузханович ТжКБ педагогтері арасында IT саласы бойынша өткен республикалық кәсіби шеберлік конкурсында «Бұлтты бағдарламалау» құзыреттілігі бойынша құрметті II орынға ие болды.
Қостанай облысынан сарапшы-компатриот ретінде осы колледждің оқытушысы Нажиканов Темирлан Оразгалиевич қатысып, конкурс барысында қатысушыға кәсіби қолдау көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сарапшыларды, колледж басшыларын және барлық ұжымдарды лайықты нәтижелерімен құттықтаймыз!
Әрбір жеңіс — кәсіптік білім беру сапасының жоғары деңгейінің, педагогтердің кәсіби шеберлігінің, студенттердің мақсаткерлігінің және білім беру ұйымдары ұжымдарының нәтижелі жұмысының айқын дәлелі.
Әріптестеріміз бен студенттерімізді мақтан тұтамыз! Алдағы уақытта да кәсіби табыстарға, жаңа белестерге, жарқын жеңістер мен жетістіктерге жете беріңіздер! Республикалық және халықаралық деңгейлерде толағай табыстар тілейміз!
Қостанай облысы сіздермен мақтанады!









