ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ

    1 / 3

    ПАТРИОТИЗМ ЖӘНЕ КӘСІБИ ДАМУ

    2026 жылғы 23 қазанда Қостанай облысының бастапқы әскери дайындық педагог-ұйымдастырушыларына арналған «Патриотизм және мемлекеттілік: жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастырудағы бастапқы әскери дайындықтың рөлі» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.

    Семинар аясында Мозер В. В. Бейімбет Майлин ауданының әскери-патриоттық тәрбие беру, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және жұмыстың заманауи бағыттары бойынша тәжірибесін ұсынды.

    БӘД педагог-ұйымдастырушыларыпрактикалық оқыту тәжірибелерімен бөлісіп, алғашқы көмек көрсету, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу, сондай-ақ АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтау нормативтерін орындау бойынша сабақбейнеүзінділерін көрсетті. Қатысушылар бастапқы әскери дайындықты оқытудағы өзекті мәселелерді талқылады.

    «Әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Дощанова Ж.Д.«Интерактивті полигон:бастапқы әскери дайындық сабақтарын ұйымдастырудың заманауи тәсілдері» жобасын таныстырды. Жоба оқыту үдерісінде цифрлық құралдар мен интерактивті тапсырмаларды қолдануға бағытталған.Сонымен қатар педагог-ұйымдастырушылардың тәжірибе алмасуына, әдістемелік материалдар мен интерактивті тапсырмаларды таратуына арналған «БӘД интерактивті полигоны: педагогикалық идеялар алаңы» атты Telegram желілік қауымдастығы таныстырылды.

    Семинар бастапқы әскери дайындықты оқытуды жетілдіруге және патриоттық рухы жоғары, жауапкершілігі мол жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған кәсіби тәжірибе мен жаңа идеялар алаңына айналды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" жаңалықтары