ИНТЕРАКТИВТІ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН СЕРВИСТЕР: САБАҚТЫ ҚАЛАЙ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

    1 / 6

    ИНТЕРАКТИВТІ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН СЕРВИСТЕР: САБАҚТЫ ҚАЛАЙ ҚЫЗЫҚТЫ ӨТКІЗУГЕ БОЛАДЫ?

    2026 жылғы 22 қазанда Денисов ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен тарих пәні мұғалімдеріне арналған «Интерактивті платформалар мен сервистер: сабақты қалай қызықты өткізуге болады?» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.

    Семинар барысында Денисов ауданы педагогтерінің тарихты оқытудың заманауи тәсілдерін жүзеге асыру, цифрлық құралдарды пайдалану және белсенді оқыту әдістерін қолдану бойынша іс-тәжірибелері ұсынылды.

    Семинар бағдарламасы практикалық бағыттылығымен және педагогикалық тәжірибені ұсынудың алуан түрлі формаларымен ерекшеленді. Семинар аясында 9 және 11-сыныптарда «1946–1963 жылдардағы қырғи-қабақ соғыстың ерекшеліктері қандай?» және «Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы» тақырыптарында сабақтар өткізілді. Ұсынылған сабақтар оқушылардың тарихи ойлау қабілетін дамытуға, аналитикалық дағдыларын қалыптастыруға және тарихи үдерістерді терең түсінуіне бағытталған оқу қызметін ұйымдастырудың тиімді мүмкіндіктерін көрсетті.

    «Тарих сабақтарындағы музей педагогикасы» атты шеберлік сағаты қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Оның практикалық маңыздылығы тарихты оқытуды көрнекі, мазмұнды әрі эмоционалды тұрғыдан әсерлі етуге мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдерді көрсетуімен ерекшеленді.

    «Мұғалімнің цифрлық блокнотын жаңарту: болашақ сабағын құрастыр» атты командалық практикум-квест барысында қатысушылар цифрлық құралдарды сабақ құрылымына кіріктіру жолдарымен танысып, оларды оқу үдерісінде тиімді қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.

    «Тарих сабақтары: енжар тыңдаушыдан белсенді әрекетке» тақырыбындағы коучинг оқушының білім беру үдерісіндегі белсенді рөлін түсінуге, оның оқу әрекетіне қатысуын арттыруға және сабақта оқушыға бағытталған тәсілдерді тиімді қолдануға арналды.

    Семинар тарих пәні мұғалімдерінің кәсіби тәжірибе алмасуына, өзара ынтымақтастығын нығайтуына және заманауи сабақты жетілдіруге бағытталған практикалық тәсілдерді таныстыруға арналған маңызды кәсіби алаңға айналды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ" жаңалықтары