Қазақстан Республикасында Даун синдромы кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу

    Қазақстан Республикасында Даун синдромы кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізу 2023 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №260 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қағидалармен реттеледі. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап Даун синдромы мүгедектікті белгілеудің ерекше тетігі қолданылатын аурулар тізбесіне енгізілді.

    МӘС-тен өту алгоритмі:

    Даун синдромы (21-хромосома бойынша трисомия) кариотиптік зерттеу негізінде расталған жағдайда, жалпы төрт айлық мерзімді күтпей-ақ МӘС-ке жолдау мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар бейінді мамандардың (невропатолог, ЛОР-дәрігер, офтальмолог және т.б.) қажетті тексерулерінен өтіп, тиісті талдаулар тапсырылады.

    Диагноз расталып, оңалту іс-шаралары жүргізілгеннен кейін дәрігерлік-консультациялық комиссия (ДКК) МӘС-ке жолдаманы – №031/у нысанын рәсімдейді. Куәландыру және қайта куәландыру сырттай проактивті форматта, яғни электрондық құжаттар негізінде адамның жеке қатысуынсыз жүргізіледі.

    Алғашқы және қайталама куәландыру кезінде мүгедектікті белгілеу мерзімдері:

    Диагноз кариотиптік зерттеу негізінде расталған жағдайда:

    * 7 жасқа дейінгі балаларға «мүгедектігі бар бала» санаты белгіленеді;
    * 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға 18 жасқа дейінгі мерзімге «1, 2, 3-топтағы мүгедектігі бар бала» санаты белгіленеді.

    18 жастан кейін:

    МӘС сарапшы дәрігерлері бұзылулардың ауырлық дәрежесі мен тіршілік әрекетінің шектелуіне (өз-өзіне қызмет көрсету, қарым-қатынас жасау, мінез-құлқын бақылау) қарай мүгедектік тобын анықтайды.

    Даун синдромы кезінде жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасы (ЖАОБ):

    Санаторийлік-курорттық сауықтыру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №283 бұйрығымен бекітілген «Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық ем ұсыну қағидаларына» сәйкес реттеледі.

    2Б тобы бойынша «Д» есебінде тұрған адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның ДКК немесе дәрігер-психиатр қорытындысы болған жағдайда, қатар жүретін аурулары бойынша санаторийлік-курорттық ем ұсынылады.

    Жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасында мыналар қарастырылуы мүмкін:

    * Санаторийлік-курорттық ем;
    * Оңалту орталығының қызметтері;
    * Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қызметтері;
    * Көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін ескере отырып, техникалық көмекші (оңалту) құралдарымен қамтамасыз ету.

    МӘС бөлімінің әдіснама және бақылау бөлімінің бас маманы
    Бектемирова Алия Қалдыбаевна

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары