Заң мен тәртіп

    Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның басты тірегі. Бұл қағидат медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде заңдылықты, ашықтықты және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие.

    Біздің басты міндетіміз – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, мүгедектікті белгілеу кезінде әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету.

    Медициналық-әлеуметтік сараптама Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

    Мүгедектікті белгілеу кезінде азаматтың диагнозы ғана емес, ағза функцияларының бұзылу дәрежесі, тіршілік-тынысының шектелуі және медициналық құжаттардағы мәліметтер жан-жақты ескеріледі.

    Әрбір шешім объективті бағалау нәтижесінде, заң талаптарына қатаң сәйкес қабылдануы тиіс.

    Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде құжаттарды бұрмалауға, жалған мәліметтер ұсынуға, заңсыз шешімдер қабылдауға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне жол берілмейді.
    Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу барысында заң бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу – басты міндеттеріміздің бірі. Мұндай фактілер туралы тиісті уәкілетті органдарға дер кезінде хабарлау маңызды.

    Біздің ұстанымымыз айқын – заңдылық, әділдік және ашықтық!

    Заң талаптарын сақтау – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз екенін ұмытпайық!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары