ӘАК кім алады?
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға ҚР азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және ҚР-датұрақты тұратын, жанбасынашаққандағы табысы кедейлікшегіненаспайтын азаматтығы жоқ адамдар құқылы.
Қазақстан Республикасының Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрінің 28.07.2009ж. № 237-б бұйрығымен бекітілген Ереженің (01.01.2020 ж. өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып) (бұдан әрі - Ереже) 2-тарауының 4-тармағы негізінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғаның (отбасының) жиынтық табысын есептеу кезінде есепті кезеңде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде алынған табыстың барлық түрлері, оның ішінде еңбекақы түрінде алынатын табыстар ескеріледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау құқығын анықтау кезінде өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жиынтық отбасылық табыс есепке алынады.
Толығырақ ақпарат алу үшін тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет, ал ол болмаған жағдайда белгіленген үлгідегі өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен тұрғылықты жері бойынша кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгіну қажет.