ПИК жұмысы бойынша ақпарат алу үшін қайда жүгінуге болады?
ПИК сұрақтары бойынша Сіз "Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ-не жүгіне аласыз. Мекек жайы Ғарышкерлер 39А. Тел: 87012-778060 вн. 222
Жұмысқа орналасу сұрағы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" Мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда, оның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде:1) жеке басын куәландыратын; 2) еңбек қызметін растайтын (бар болса); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы құжаттардың негізінде тікелей тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі. Он алты жасқа толмаған адам сондай-ақ оның заңды өкілдерінің бірінің жазбаша өтінішін ұсынады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таңдау арқылы оған лайықты жұмыстың бар екендігі туралы хабарлай отырып, өтеусіз негізде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі.
Сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалы арқылы жүгінуге болады, онда бағдарлама шеңберінде оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары ұсынылады, олар: кәсіптік оқытуға жіберу, кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға жіберу.
Сонымен қатар, сіз өзіңіз жұмыс іздеуге мүмкіндігіңіз бар. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында орналастырылады (www.enbek.kz), оларды пайдалана отырып, сіз жұмыс берушілерден түсетін бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жедел алу мүмкіндігіне ие боласыз.
ПИК жұмысы бойынша ақпарат алу үшін қайда жүгінуге болады?
ПИК сұрақтары бойынша Сіз "Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі"ММ-не жүгіне аласыз. Мекек жайы Ғарышкерлер 39А. Тел: 87012-778060 вн. 222
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабы 3-тармағына сәйкес, есепте тұрған азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалғ...
ӘАК кім алады?
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 1-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға ҚР азаматтары, оралмандар, босқындар, шетелдіктер және ҚР-датұрақты тұратын, жанбасынашаққандағы табысы кедейлікшегіненаспайтын азаматтығы жоқ ад...
Мен Жезқазғандағы пәтерге кезекте тұрмын.Баланың денсаулығына байланысты Қарағанды облысы Ақтасқа көшті. Мен өз кезегімді сол жерге ауыстыра аламын ба?
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сіз Жезқазған қаласындағы тұрғын үй кезегінен шығып, Қазақстан Республикасының басқа қаласындағы ХҚКО-ға құжаттарды тек тіркелген жері бойынша қайта тапсыруға тура келеді. "Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес мемл...
Жұмыссыздық туралы анықтаманы қайдан алуға болады?
Аталмыш анықтаманы халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгеннен кейін ғана алуға болады. «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» «Жезқазған қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ көрсететін мемлекеттік қызмет болып табылады. Бұл қызмет «электрон...
Мектепте тегін тамақты және басқада әлеуметтік көмекті кім ала алады?
ҚР Заңына сәйкес "білім Туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 ақпандағы 2012 жылғы № 255 "қаулысына өзгерістер енгізу Туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 қаңтардағы 2008 жылғы № 64 "қаражатты жұмсау Ережесін бекіту Туралы, бөлінетін қаржылық және материалдық көмек...