Мен Жезқазғандағы пәтерге кезекте тұрмын.Баланың денсаулығына байланысты Қарағанды облысы Ақтасқа көшті. Мен өз кезегімді сол жерге ауыстыра аламын ба?
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сіз Жезқазған қаласындағы тұрғын үй кезегінен шығып, Қазақстан Республикасының басқа қаласындағы ХҚКО-ға құжаттарды тек тіркелген жері бойынша қайта тапсыруға тура келеді.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй мұқтаждар есебінде тұрған азаматтарға тізімдермен белгіленген кезектілік тәртібімен, барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген сәттен бастап беріледі.