АУЫЗ СУ САПАСЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ЖОБА

    1 / 3


    Жезқазғандағы ауыз су тазарту шаруашылығын (Гидроцех) толық қайта жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл жаңа мердігер – «Integra Construction KZ» ЖШС анықталып, құрылысқа 126 маман жұмылдырылды.

    Қазіргі уақытта жаңа су тазарту станциясында технологиялық құбырлар мен сорғы жабдықтары орнатылып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Технологиялық сорғы станциясындағы металл конструкцияларды монтаждау 85 пайызға орындалды. Сонымен қатар инженерлік желілер жаңартылып, қосалқы сорғы станциясының жаңа ғимараты салынды.

    Қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Маруа Келмағанбетова нысанға барып, құрылыс жұмыстарының барысын тексерді. Мердігер ұйым өкілдерімен алдағы міндеттерді талқылап, жұмыс қарқыны мен сапасына, сондай-ақ белгіленген мерзімдердің сақталуына назар аударды.

    Құрылыс-монтаж жұмыстарын 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау жоспарланған. Ал тәулігіне 66 мың текше метр су тазартуға қауқарлы кешенді толық іске қосу 2027 жылдың қыркүйегіне көзделіп отыр.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жезқазған қаласының әкімдігі" жаңалықтары