ПРОТОКОЛ №1 Схода членов местного сообщества села Кенгир Село

    Жезқазған қаласының әкімдігі

    № 1 ХАТТАМА

    Кеңгір ауылы жергілікті қоғамдастығы мүшелерінің жиыны

    Кеңгір ауылы
    2025 жылғы 30 маусым
    сағат 11:00

    Жиынды Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Д.М. Дыбысова ашып, жүргізді.

    Қатысқандар: Кеңгір ауылы жергілікті қоғамдастығының 24 мүшесі, ауыл тұрғындары, «Кеңгір ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары.

    Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы жиынның төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды. Жиын төрағасы болып Д.М. Дыбысованы, хатшысы болып С.А. Ермаганбетовті сайлау туралы ұсыныс түсті.

    • Басқа ұсыныстар бар ма?
    • Басқа ұсыныстар жоқ.

    Дауыс берулеріңізді сұраймын.

    «Қолдағандар» – 78 адам, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалғандар» – 0.

    Бірауыздан қабылданды.

    Жиын төрағасы, Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Дамелі Мейіржанқызы Дыбысова қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.

    КҮН ТӘРТІБІ:

    1. Кеңгір ауылы көшелерінің атауларын қайта атау.

    Жиын жұмысының төмендегідей регламенті ұсынылды:

    1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша – 15 минут.
    2. Сөз сөйлеушілерге – 5 минут.

    Дауыс берулеріңізді сұраймын.

    «Қолдағандар» – 78 адам, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалғандар» – 0.

    ТЫҢДАЛДЫ:

    Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Д.М. Дыбысова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы № 17-388-05 тапсырмасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерді, елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысымен және елді мекендердің құрамдас бөліктерін (көшелерді, даңғылдарды, шағын аудандарды және т.б.) қайта атауға қажетті құжаттар тізбесімен таныстырды.

    Идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелердің атауларын тарихи және дәстүрлі атауларға өзгерту туралы түсіндірме берді.

    1. Осы іс-шараларды өткізу барысында тұлғалардың есімдерін беруге шектеу енгізу ұсынылды.

    Осыған байланысты Республикалық ономастика комиссиясының тізімі талқыланып, үш көшенің атауын өзгерту туралы шешім қабылдау ұсынылды:

    1. Молодежная көшесі – «Жібек жолы» көшесі.
    2. Мира көшесі – «Ұлы Дала» көшесі.
    3. Школьная көшесі – «Ыбырай Алтынсарин» көшесі.

    Басқа ұсыныстар түскен жоқ.

    Дауыс берулеріңізді сұраймын.

    «Қолдағандар» – 78 адам, «Қарсы» – 0, «Қалыс қалғандар» – 0.

    ШЕШІМ:

    Кеңгір ауылының төмендегі көшелерінің атаулары қайта аталсын:

    1. Молодежная көшесі – Жібек жолы көшесі.
    2. Мира көшесі – Ұлы Дала көшесі.
    3. Школьная көшесі – Ыбырай Алтынсарин көшесі.

    Аталған ұсыныстар көпшілік дауыспен мақұлданды.

    Күн тәртібіндегі мәселе қаралды. Жиынды өткізу тәртібі бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

    Жиын төрағасы: __________________ Д.М. Дыбысова

    Хатшы: __________________________ С.А. Ермаганбетов

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жер қатынастары саласы бойынша көрсетілетін қызметтер

    Жезқазған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Қорғанбай ауылы жергілікті қоғамдастығы мүшелерінің жиыны

    № 2 ХАТТАМА Кеңгір ауылы 2025 жылғы 30 маусым Уақыты: сағат 15:00 Жиынды Кеңгір ауылы әкімінің міндетін атқарушы Д.М. Дыбысова ашып, жүргізді. Қатысқандар: Қорғанбай ауылы жергілікті қоғ...

    Жезқазған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Талап ауылы жергілікті қоғамдастығының жиыны

    № 1 ХАТТАМА Талап ауылы 2026 жылғы 12 қаңтар Өтетін орны: Талап ауылының клубыУақыты: сағат 11:00 Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері – 5 адам, «Талап ауылдық округі әкімінің ап...

    Жезқазған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Малшыбай ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының № 1 ХАТТАМАСЫ

    Малшыбай ауылы 17 қаңтар 2026 ж Малшыбай ауылы клубы сағ: 11-00 Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері 5 адам, «Сарыкеңгір ауылдық округі Малшыбай ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары. КҮН ТӘ...

    Жезқазған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Хаттама

    Хаттама

    Жезқазған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жезқазған қалалық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайлауға қатысатын кандидаттарды тіркеу туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Жезқазған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЖШС "Байлық Инновация"

    ЖШС "Байлық Инновация"

    Жезқазған қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы бойынша ақпарат

    Жезқазған қаласының әкімдігіЖарияланды: