Алматы-Сиань роуд-шоуы: туризм және ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері

    ·

    Сиань, 2026 жылғы 16 шілде. ҚР Сиань қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен FlyArystan мен Visit Almaty( Алматы қаласы Туризм басқармасы) бірлесіп Алматы - Сиань қалалары арасындағы тікелей әуе қатынасына арналған роуд-шоу өткізді. Іс-шараға қытайлық туристік компаниялар, БАҚ және салалық ұйымдар, сондай-ақ авиакомпанияның өкілдері, Алматы туризм басқармасы және еліміздің жетекші туроператорларынан құралған қазақстандық делегация қатысты.

    Роуд-шоу барысында FlyArystan Алматы – Сиань бағытының кестесі мен артықшылықтарын, ал Visit Almaty қаланың туристік әлеуетін ұсынды. Қазақстандық компаниялар қытайлық әріптестерін ҚХР-дан келетін қонақтарды қабылдауға дайын туристік өнімдермен таныстырды. Іскерлік бөлім B2B кездесулерімен аяқталып, онда бағытты бірлесіп ілгерілету, жаңа турпакеттер және екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мәселелері талқыланды.

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары