Қазақстан мен Қытай өңірлік байланысы Баоцзида талқыланды

    1 / 4

    Баоцзи, 2026 жылдың 23-24 қараша– Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаевтың Баоцзи қаласына жұмыс сапарыбарысында қала әкімі Ню Каймен кездесу өткізілді. Қала аудандарының әкімдері, еркін сауда-экономикалық аймақтарының басшылығы мен сыртқы инвестициялық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығын дамыту қаржы қорларының басшылығы қатысуымен өңіраралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен дамыту перспективалары талқыланды.

    Қала басшысы Баоцзидің қазба байлықтарды өңдеу, машина жасау, ауылшаруашылық және тамақ өнімдерін шығару, жергілікті туризмді дамыту бағыттарындағы экономикалық басымдықтары мен бірқатар жетістіктерімен таныстырды. Қалаға қарасты елді-мекендердің дамуы «Бір ауыл-бір өнім» бағдарламасына сүйене отырып, әр ауданның өзіндік шығаратын қайталанбас өнімімен қаржылай табысын арттырып отырғанын айтты.

    Бас консул Қазақстан мен Қытай өңірлері арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамытуда өзара тікелей байланыс орнатудың маңызын атап өтті.Баоцзи қаласының негізгі өндірісі титан (Ті) мен титаннан жасалған бұйымдарды өңдіру және Шығыс Қазақстан облысының машина жасау әлеуетін ескеруімен Баоцзи мен Өскемен қалалары арасында өзара іскерлік серіктестік байланыс орнату мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

    Бастама қала басшылығы тарапынан бірден қолдау тауып, қалалардың болашақтағы өнеркәсіптік әлеуетін ұштастыру, машина жасау, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, білім беру және мәдениет салаларында ынтымақтастық орнату, сондай-ақ іскерлік делегациялар алмасу мен бірлескен іс-шаралар өткізу мүмкіндіктеріне қызығушылығын білдірді.

    Сапар шеңберінде Шэньси өңірінің мемлекеттік органдары, сауда-өнеркәсіптік палаталары, ірі кәсіпорындары мен сараптамалық қауымдастықтарының өкілдері қатысқан дөңгелек үстел барысында Бас консул Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, сарапшылар қауымдастығымен талқылады. Мемлекеттілікті нығайту, ұлттық егемендікті қорғау, ел бірлігі мен қоғамдық тұтастықты сақтау, экономиканы жаңғырту, әлеуметтік әл-ауқатты арттыру, адами капиталды дамыту, жас ұрпақтың сапалы білім алуын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінің стратегиялық маңызы айқындалды.

    Жиынға қатысқан қытайлық іскер топтар еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері мен экономикалық басымдықтарымен танысып, қазіргі таңда қазақ нарығымен жұмыс жасаушы бірқатар компаниялар өзінің пікірімен бөлісті.Талқылау барысында «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында Алатау қаласын дамыту, жол инфрақұрылымын жаңғырту, көлік-логистикалық әлеуетті арттыру, құрылыс материалдарын өндіру және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелеріне қызығушылық танытты. Бірнеше компания өкіліқұрылыс алаңдарымен және инвестициялық жобаларымен танысу мақсатында Қазақстанға баруға дайындығын жеткізді.

    Іс-шарақорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудырған нақты бағыттарда ынтымақтастық орнату, әлеуетті жобаларды пысықтау және қытайлық кәсіпкерлер делегациясының Қазақстанға жұмыс сапарын ұйымдастыру жөнінде уағдаласты. Қытайлық серіктестер Қазақстанда жұмыс істеуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық білдіріп, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік танытты.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Сиань қ. Бас консулдығы" жаңалықтары