Назар аударыңыз! 23 тамызда – Құрылтай депутаттарын сайлау

    ·
    Назар аударыңыз! 23 тамызда – Құрылтай депутаттарын сайлау

    Құрметті азаматтар!

    Еліміздің болашағы үшін маңызды тарихи сәт келіп жетті. 23 тамызда елімізде тұңғыш рет бірпалаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.

    Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған саяси реформалардың кезекті және маңызды кезеңі. Президентіміз белгілегендей - біз 1995 жылғы конституциялық үлгіден түбегейлі жаңа жүйеге көшуді бастан кешіп жатырмыз, және бұл өзгерістер еліміздің саяси жүйесін жаңартып, ұзақ мерзімді тұрақтылықты нығайтады.

    Жаңа Құрылтай – «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын іске асырудың маңызды буыны. Енді барлық 145 депутат тікелей халық тарапынан сайланады, яғни бұрынғыдай Президенттік квота болмайды. Бұл – әрбір сайлаушының дауысы нақты нәтижеге әкелетінін білдіреді.

    Президент Қ.К.Тоқаев атап өткендей, біздің мақсатымыз – кәсіби Парламент құру. Құрылтай заң шығару процесін оңтайландырып, бюрократияны азайтып, маңызды шешімдердің тезірек қабылдануына мүмкіндік береді. Бұл – әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына, білім сапасына, денсаулық сақтау жүйесіне және еліміздің дамуына тікелей әсер ететін өзгерістер .

    Осы сайлауда партиялардың бағдарламаларына назар аударыңыз, өйткені сіз нақты тұлғаға емес, саяси партияға дауыс бересіз. Әрбір дауыс – Қазақстанның болашағын айқындауға қосылған үлес.

    23 тамызда – дауыс беруге барыңыз! Сіздің таңдауыңыз – Әділетті Қазақстанның негізі!

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары