
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.
Канада аумағындағы Қазақстан Республикасы азаматтары ҚР-дың Канададағы Елшілігі жанындағы сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Сайлау учаскесінің мекенжайы: 150 Metcalfe Street, 7th floor, Ottawa, ON K2P 1P1
Дауыс беру уақыты: 2026 жылғы 23 тамыз,сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін.
Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін төмендегі сілтеме арқылы алдын ала тіркелуіңізді сұраймыз: https://forms.gle/ZgUJERvtxhEN1p8g8
Дауыс беру күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алып келу қажет (паспорт немесе жеке куәлік).
Канададағы барлық ҚР азаматтарын Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырамыз!
Сұрақтар бойынша [email protected] электрондық поштасына немесе +1 613 695 86 23 телефон нөміріне хабарласуға болады.






