Сиань, 2026 ж. 11 қазан – ҚР Сиань қ. Бас консулдығы 2026 жаңа оқу жылында білім алуға келген қазақстандық оқушылармен және Сиань қаласындағы қазақстандық студенттердің KSAC (Kazakhstan Students Association in China) бірлестігінің белсенді мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Бас консул 888 студенттерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялаған мерейлі 35 жылғы дамуы шеңберінде қол жеткізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың іске асырылу барысына тоқталды. Жаңа ғасырда елімізде болашақ зайырлы қоғам тәрбиелеу үрдісіне әр бір азаматтың үлес қосу міндетіне баса мән беріліп отырғандығын, білім-мен ғылымның ерең игерілу қажеттігін алға тартты.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың еліміздің ішкі және көпвекторлы сыртқы саясатында халықаралық құқық қағидаттарына сүйену, мемлекетаралық тепе-теңдік пен диалогқа негізделген дипломатиялық қадамдарының ұтымды жетістіктері жайында түсіндіріп өтті.
Жиын барысында Бас консулдықтың жауапты қызметкерлері студенттерді болу еліндегі заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді сақтаудың, консулдық тіркеуге тұрудың маңыздылығы жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бас консулдық Сиань қаласында білім алып жатқан ҚР студенттерін KSAC қоғамдық ұйымның басты мақсаты және жасалған шаралармен кеңінен таныстырды. Жиналғандар бірауыздан қоғамдық ұйымдастыру жұмыстарына қатысып, бірлестіктің белсенді мүшесі болуға қызығушылығын білдірді.
Шетелде білім алушы әрбір қазақстандық жастардың ұйымшылдығын шыңдау мен патриоттық тәрбие беруге, қажетінше бір-біріне әлеуметтік қолдау көрсетуде бұл бастамашыл студенттік ұйымының тиімділігі артып келеді.
Жалпы, Бас консулдық пен КСАК қоғамдық бірлестігі консулдық округке енген барлық өлкелердің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттермен жыл бойында байланыс жүргізіп келеді. Білім алып жүрген әрбір қазақстандық студенттің білікті мамандық иесі болуына ықпал етіп, түрлі іс-шара мен кездесулерге қатысып, студенттік кезеңін тиімді өткізуіне мейлінше ықпал етіп келеді.






