Қазақстан өңірлері мен Ганьсу өлкесі арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

    1 / 3

    Сиань, 2026 жылғы 22 қазан – Қазақстан Республикасының Сиань қаласындағы Бас консулы Жошыхан Қыраубаев Ганьсу өлкесінің Цзюцюань қалалық Халықтық партия комитеті басшысының орынбасары Вэй Юнхуэймен кездесті.

    Екіжақты кездесуде қазақ-қытай өңіраралық ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму келешектері талқыланды. Тараптар екіжақты өзара іс-қимылды тереңдетуге өзара мүдделілік танытатынын растап, сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көліктік, жаңа энергетика өнеркәсібі, мәдениет, жоғары білім беру, ауыл шаруашылығы, туризм және т.б. салаларындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне ерекше назар аударды.

    Осыған орай қазақ-қытай жеке және орта бизнес өкілдерінің байланысын нығайту мүмкіндіктері талқыланды. Бас консул Қазақстан өңірлерінің Ганьсу өлкесімен тығыз және өзара тиімді байланыс орнату бойынша белсенді жұмысын ілгерілету бойынша жұмыс жоспарын қабылдау қажеттілігіне тоқталды.

    Кездесу барысында сауда-инвестициялық және мәдени-білім беру өзара іс-қимылын одан әрі нығайту, сондай-ақ 2026 жылы бірлескен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық іс-шараларды өткізу перспективаларын қозғап, ү.ж. 4 қарашада Ганьсу провинциясында өтетін Тоғызыншы «Жібек жолы» Дуньхуан халықаралық мәдени ЭКСПО-сына қатысу мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

    Өз кезегінде қытайлық тарап Қазақстан облыстары елді мекендерінің Ганьсу өңірінің Цзюцюань қаласымен бауырластық ынтымақтастық орнатуға және іскерлік топтарды байланыстыруға бағытталған шара ұйымдастыру бойынша Бас консулдықтың ұсынысын сұрады.

    Ганьсу өкілдері Бас консулдық базасында пилотты түрде ашылған ҚР отандық өнімдер көрмесімен танысып, Ганьсу өлкесінің тұрғындары Қазақстанның өнімдерін сүйсіне тұтынатынын және сұраныстың баршылығын атай отырып, «Қазақстан өнімдері» сатылатын орындарды ашуға қызығушылықтарын танытты.

    Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты үдемелі дамыту мақсатында Бас консулдық пен Ганьсу өлкесінің делегациясымен талқыланған бағыттар бойынша өзара ынталы жұмысын әрі қарай жалғастыруға келісті. Өңіраралық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге және бірлескен жобаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Сиань қ. Бас консулдығы" жаңалықтары