Астаналық спортшы үстел теннисінен Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атанды

    1 / 2

    Астаналық спортшы Алтынай Ержанқызы Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара үстел теннисінен қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Астаналық Марат Сұртубаевпен бірге XD20 класында аралас жұптық сайыста өнер көрсетті.

    Қазақстандық жұп жартылай финалға дейін жетіп, онда Гонконг өкілдері Лам Ян Ю және Вонг Хон Ламмен кездесті.

    Бұл ойында Гонконг өкілдері 3:0 есебімен басым болды. Есеп – 11:7, 11:4, 11:8. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар қола медаль жеңіп алды.

    Осылайша, Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарында елордалық спортшылардың жүлделер қорын толықтырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары