Бүгін біз мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақынытағайындау тәртібін қарастырамыз.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 257 бұйрығымен бекітілген Қағидамен реттеледі.
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқық және оны тағайындау шарттары.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар жәрдемақы тағайындауға жүгінген уақытқа жұмыстың тоқтатылғанына немесе жалғастырылып жатқанына қарамастан, мүгедектік белгіленген жағдайда тағайындалады.
Жәрдемақы алуға Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтар, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдар құқылы.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мүгедектіктің қашан – жұмыс істеу немесе қызмет ету кезеңінде, жұмысқа тұрғанға дейін немесе жұмысты тоқтатқаннан кейін болғанына қарамастан тағайындалады.
Жәрдемақы мүгедектік белгіленген күннен бастап, тағайындалады, бірақ өтініш берген немесе проактивті қызмет арқылы тағайындауға келісім алған күнге дейін үш айдан аспайтын мерзімге тағайындалады.
Зейнетақы төлемдерін алуға құқық беретін жасқа толған мүгедектігі бар адамдарды қайта куәландыру олардың өтініші бойынша ғана жүргізіледі.
Егер адам мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша бір мезгілде алуға құқылы болса, ол біреуін таңдайды.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының бір түрінен екінші түріне ауыстыру өтініш тіркелген күннен бастап жүргізіледі.
2. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар мүгедектігі бар адамдарға:
1) жалпы ауруға шалдығудан, жұмыста мертігуден, кәсіптік ауруға шалдығудан болған мүгедектігі бар адамдар, жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
2) бала кезінен мүгедектігі бар адамдар;
3) әскери қызметін өткеру кезінде мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілер.
4) арнайы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері.
5) қызмет міндеттерін орындау кезінде жарақат немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар.
6) төтенше экологиялық жағдайлармен радиациялық әсер салдарынан мүгедектігі бар адамдар жатады.
3.Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері
Ж әрдемақы бюджет қаражаты есебінен ай сайын төленеді.
Оның мөлшері тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейіне жәнемүгедектігі бар адамның санатына байланысты болады.
Жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.
Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төленетін зейнетақының мөлшері мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының белгіленген мөлшерінен аз болса, жәрдемақының тиісті мөлшеріне дейін қосымша төлем жүргізіледі.








