Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері мен №30 қазақ орта мектебінің жас жол инспекторларының қатысуымен «Үлгілі жүргізуші – 2026» республикалық акциясы өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты – жол жүрісі қағидаларын мүлтіксіз сақтайтын, көлік жүргізу мәдениеті жоғары азаматтарды өзгелерге үлгі ету, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жүргізушілерді тоқтатып, жол қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ал жас жол инспекторлары жүргізушілерге жол жүрісі қағидаларын сақтаудың маңыздылығын еске салып, акцияға белсенді атсалысты.
Акция аясында жыл басынан бері жол жүрісі қағидаларын бұзбаған және жол-көлік оқиғаларына қатыспаған 10-нан астам жүргізушіге Ақтөбе облысы Полиция департаменті басшылығы атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Мұндай бастамалар жолда тәртіп сақтап, өзгелердің өмірі мен қауіпсіздігіне құрметпен қарайтын жүргізушілерді ынталандырып, қоғамда жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








