Ақтөбе облысы полиция Департаментінде Ішкі істер органдарының ардагерлері құрметке бөленді

    Полиция департаментінде ішкі істер органдарының ардагерлеріне арналған салтанатты іс-шара өтті. Өмірін құқық қорғау саласына арнаған, ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, Отанға адалдық пен Антқа беріктіктің үлгісін көрсеткен ардагерлерге құрмет көрсетілді.
    Іс-шара қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Жиналғандар ерлікпен қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алып, олардың батылдығы мен жанқиярлығына тағзым етті.
    Салтанатты жиын барысында жас қызметкерлерге тәлімгерлік көрсетіп, кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, ішкі істер органдарының қоғамдық өміріне белсенді араласып жүрген ардагерлер марапатталды. Олардың жас полицейлердің кәсіби қалыптасуына қосып жүрген үлесі ерекше атап өтілді.
    Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, ардагерлерге деген құрмет пен алғысқа толы ерекше атмосфера қалыптастырды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары