2026 жылғы 11 қарашада Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізді.

    2026 жылғы 11 қарашада Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізді.
    Кездесу барысында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін білім беру қызметін лицензиялаудың жаңа талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, меншік нысанына қарамастан, барлық мектепке дейінгі ұйымдар үшін білім беру қызметіне лицензия алу міндетті болады.
    Лицензия алу тәртібі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығымен айқындалады. Ал мектепке дейінгі ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы № 268 бұйрығымен өзгерістер енгізілген № 473 бұйрығында белгіленген.
    Аталған талаптар оқу жоспарларына, кадрлық құрамға, медициналық пунктке, тамақтандыру блогына, ғимаратқа, материалдық-техникалық жарақтандырылуына, педагогтердің біліктілігін арттыруына, Ұлттық білім беру деректер қорындағы (ҰБДҚ) мәліметтерге, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін жағдай жасауға қатысты.
    Лицензия алуға арналған өтініш eGov.kz немесе elicense.kz порталдары арқылы электрондық түрде беріледі.
    Кездесу қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына өз ұйымдарының барлық біліктілік талаптарына сәйкестігін алдын ала тексеру ұсынылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары