Мемлекеттік қызметшілерге арналған түсіндіру семинары өтті

    1 / 5

    2026 жылғы 11 қарашада мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру семинары өткізілді.

    Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге заңнамада көзделмеген орындарда қатысуына, сондай-ақ телекоммуникация желілерін, оның ішінде интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері қарастырылды.

    Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуінің және олардың қызметіне араласуының алдын алу, діни сауаттылықты арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Іс-шара барысында мемлекеттік органдарда әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалау фактілеріне жол бермеу, гендерлік теңдікті сақтау, өзара сыйластық пен қолайлы еңбек ортасын қалыптастыру мәселелері де талқыланды.

    Семинарға Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы қатысып, деструктивті діни ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізетін кері әсері және діни сауаттылықтың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу соңында қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтауының маңыздылығы түсіндірілді.

    Аталған семинар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және мемлекеттік қызметтегі әдеп пен жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" жаңалықтары