Орал қаласында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрімен жұмыс кездесуі өтті

    Орал қаласында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрімен жұмыс кездесуі өтті
    - Ағымдағы жылдың 1 қазанында Орал қаласында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Жұмабекұлы Қажкеновтің өңір тұрғындарымен кездесуі өтті.
    - Кездесу барысында вице-министр 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, 2026 жылға арналған тұрғын үй құрылысы, сумен жабдықтау, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және басқа да бағыттар бойынша жоспарлармен таныстырды.
    - Сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы, сумен жабдықтау және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.
    - Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді.
    - Вице-министр тұрғындардың көтерген сауалдарына жауап беріп, тиісті түсіндірмелер берді. Кездесу барысында айтылған ұсыныстар мен проблемалық мәселелер назарға алынып, оларды шешу бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігі атап өтілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" жаңалықтары