Студенттерге арналған ашық есік күні өтті

    Құрылыс басқармасында студенттерге арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушыларға құрылыс саласының ерекшеліктерін таныстыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандармен тікелей байланыс орнату.

    Іс-шара барысында студенттер басқарманың қызмет бағыттарымен, құрылыс саласындағы негізгі міндеттермен және жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Мамандар құрылыс нысандарын жоспарлау, жобалау, бақылау және пайдалануға беру кезеңдері туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

    Кездесу кезінде студенттер сала мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құрылыс саласындағы заманауи технологиялар, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар және кәсіби даму мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

    Ашық есік күні студенттер үшін теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, құрылыс саласындағы мамандардың жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

    Іс-шара соңында қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіріліп, алдағы оқуына және кәсіби жолына сәттілік тілектер айтылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы" жаңалықтары