2026 жылғы 5 қарашада Департамент облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардың бірінің қызметкерлеріне қатысты құқық қорғау органдарынан келіп түскен материалдарды қарады.

    Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 15-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес педагог кәмелетке толмағандардың немесе оларға қатысты қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына және білім беру ұйымының басшылығына дереу хабарлауға міндетті екенін еске салады. Аталған міндет педагогке осындай фактілер оның кәсіби қызметіне байланысты білім беру ұйымынан тыс жерде белгілі болған жағдайларда да қолданылады. Мұндай фактілер туралы хабарламағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.
    2026 жылғы 5 қарашада Департамент облыстағы мектепке дейінгі ұйымдардың бірінің қызметкерлеріне қатысты құқық қорғау органдарынан келіп түскен материалдарды қарады. Аталған жағдайда әкімшілік іс қозғалмаған. Орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары объективті түрде қаралып, білім беру ұйымы әкімшілігі тарапынан құқық бұзушылық фактілері расталған жоқ. Қарау қорытындысы бойынша ұйым басшылығына заңнама талаптары түсіндіріліп, осындай жағдайлардың алдын алу және құқық қорғау органдарына уақтылы хабарлау жөніндегі іс-қимыл алгоритмі жеткізілді.
    Департамент білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерін балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарына қатер төндіретін кез келген фактілерге бейжай қарамауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары