Департамент басшысы Уздембаева Г. мен бөлім басшысы Муликова Ж., Департаменттің қарауында жатқан «Е-Өтініш» (e-Otinish) ақпараттық жүйесі арқылы келіп түскен өтініш бойынша азаматты жеке қабылдады.
Жеке қабылдау барысында өтініште баяндалған мән-жайлар қаралып, өтініш берушінің көтерілген мәселелер бойынша ұстанымы тыңдалды.
Департамент басшысы Уздембаева Г. мен бөлім басшысы Муликова Ж. өз құзыреттері шегінде тиісті түсініктемелер беріп, өтінішті одан әрі қарауға байланысты мәселелерді талқылады.
Өтініш берушінің уәждерін жан-жақты және объективті қарауға, заңнама талаптарын сақтауға, сондай-ақ өтініштің уақтылы әрі сапалы қаралуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Өтініш бойынша жұмыс заңнамада белгіленген тәртіппен жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







