2026 жылғы 28 қыркүйекте Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес онлайн-форматта диалог алаңы өткізілді. Оған Шарбақты ауданы білім бөлімінің қызметкерлері мен білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Кездесуге қатысушылар білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау жүргізу қағидаларындағы өзгерістермен танысып, практикалық ұсынымдар мен өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды.
Сондай-ақ Департамент мамандары мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының тармақтарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Өзгерістер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 27 қарашадағы №268 бұйрығы негізінде 2027 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Департамент басшысы Г.К. Уздембаева білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша басым бағыттарды белгілеп, басшылардың назарын білім беру саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерді сақтау және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру барысында педагогикалық әдепті сақтау қажеттілігіне аударды.








