
Департаментте Мектеп басшысы тарапынан педагогикалық әдеп нормалары мен еңбек заңнамасын ықтимал бұзу фактілері бойынша түскен өтінішке байланысты Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.
Білім саласындағы сапаны қамтамасыз аумақтық департаменті жанындағы облыстық педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес педагогтардың да, басшылардың да тарапынан моралдық-этикалық нормалардың бұзылуына байланысты істерді қарайды.
Отырыс барысында өтініш белгіленген тәртіппен және құзырет шеңберінде қаралды. Кеңес мүшелері Мектеп басшысының түсіндірмелерін тыңдап, ұсынылған материалды (аудио/видеожазбаларды) талдай келе, өтініште баяндалған мән-жайларды талқылады және басшының әрекеттерінде педагогикалық әдепті бұзушылықтар байқалмайды, педагог мәртебесі бұзылмаған деген қорытындыға келді.
Кеңестің жұмысы педагогикалық әдеп қағидаттарының сақталуын, өтініштердің объективті қаралуын және білім беру процесінің барлық қатысушыларының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді.









