
Азаматтың түскен өтінішіне байланысты Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 26 жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексеру заты мемлекеттік білім беру ұйымында педагогтердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуы болып табылды.
Бақылау шарасы барысында өтініште жазылған дәлелдер өз растауын тапты. Білім беру саласындағы заңнаманың жекелеген талаптарының сақталмау фактілері анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша білім беру ұйымына анықталған бұзушылықтар мен оларды жою мерзімдері көрсетілген нұсқама берілді.
Бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік жауаптылық шаралары қолданылды.
Департамент білім беру саласындағы заңнаманың сақталуына және берілген нұсқамалардың орындалуына кейінгі бақылауды қамтамасыз етеді.









