«Анықтаушының бір күні»: Әр істің себебін саралау – кәсіби міндет

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Анықтаушының бір күні»: Әр істің себебін саралау – кәсіби міндет
    Анықтау қызметі – қылмыстық құқық бұзушылықтардың мән-жайын жан-жақты зерделеп, заң талаптарына сәйкес процессуалдық шешімдер қабылдауға бағытталған маңызды жұмыс.
    Анықтаушы қылмыстық құқық бұзушылықты ашып қана қоймай, оның жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды да зерделейді. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу және оның алдын алу.
    Осы бағытта Қызылорда облысы Полиция департаменті Арал аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы полиция лейтенанты Сражадинов Тайыр Ерболатұлы қызмет атқарады.
    Оның өндірісіндегі жол-көлік оқиғасына қатысты істі зерделеу барысында бірқатар кемшілік анықталып, олардың жою мақсатында тиісті ұсыным енгізілді. Нәтижесінде көрсетілген кемшіліктер жойылып, алдын алу шаралары қабылданды.
    Бұл – анықтаушы жұмысының нақты нәтижеге бағытталғанын көрсетеді. Себебі әрбір істің артында тұрған себептерді анықтау – болашақта осындай құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.
    Тайыр Ерболатұлы үшін анықтаушының жұмысы – қылмыстың салдарымен күресумен ғана шектелмейді. Оның маңызды бөлігі – құқық бұзушылыққа алып келген себептерді анықтап, оларды жоюға ықпал ету.
    Қылмысты ашу – міндет. Ал оның себептерін анықтап, қайталануына жол бермеу – жауапкершілік.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары