
Түркістан қаласындағы №39 өрт сөндіру бөлімінің аумағында абаттандыру және көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік тақырыбындағы жаңа композиция орнатылды.
Аталған композицияның ортасында «112» бірыңғай жедел қызмет нөмірі бейнеленіп, өрт сөндіру бөлімінің аумағына ерекше көрік беріп тұр.
Жаңа безендіру жұмыстары бөлім аумағының эстетикалық келбетін жақсартумен қатар, азаматтарға 112 бірыңғай жедел нөмірін есте сақтауды және төтенше жағдай кезінде жедел көмек шақырудың маңызын насихаттауға бағытталған.
112 – шұғыл көмек қажет болған жағдайда есте сақтайтын маңызды нөмір.









