Келісу комиссияларының қызметі мәселелері бойынша семинар өткізілді

    1 / 3

    2026 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Мырзаш Медет Молдашович Мемлекеттік басқару академиясының базасында «Келісу комиссиялары: құқықтық негіздер, тәуекелдерді азайту және еңбек дауларын шешу» тақырыбында семинар өткізді.

    Семинар барысында келісу комиссиялары қызметінің құқықтық негіздері, оларды қалыптастыру және жұмысын ұйымдастыру тәртібі, жеке еңбек дауларын қарау ерекшеліктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы нормаларын қолданудың практикалық мәселелері қарастырылды.

    Жұмыс берушілер мен жұмыскерлер үшін құқықтық тәуекелдерді азайтуға, еңбек жанжалдарының алдын алуға, еңбек дауларын қараудың белгіленген тәртібін сақтауға және келіспеушіліктерді сотқа дейінгі тәртіппен реттеу тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.

    Семинарды өткізу мемлекеттік сектор жұмыскерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек заңнамасын қолдану практикасын жетілдіруге және жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары