Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-дағы өндірістік жарақаттану жағдайына талдау жүргізді.
2026 жылдың басынан бері кәсіпорында 5 топтық жазатайым оқиға тіркеліп, нәтижесінде 13 жұмыскер зардап шеккен. Оның ішінде 10 жұмыскер зардап шеккен 4 оқиға жедел медициналық жәрдем автокөліктерінен бөлінген иіс газымен улануға байланысты орын алған.
Үш жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру нәтижелері бойынша негізгі себептер ретінде ақаулы жабдықтарды пайдалану және жұмыстардың қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы анықталған. Жұмыс берушінің кінәсінің дәрежесі 100 пайыз мөлшерінде белгіленген.
Осындай оқиғалардың қайталануы санитариялық автокөліктердің техникалық жай-күйіне бақылауды күшейту және қабылданып жатқан профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыру қажеттігін көрсетеді.
Жаңа жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына нақты шаралар қабылдау жөнінде бастама көтерді. Атап айтқанда, жедел медициналық жәрдем автокөліктерінің барлық паркіне кезектен тыс техникалық тексеру жүргізу, анықталған ақауларды жою, көлік құралдарын қауіпсіз пайдалануға бақылауды күшейту және жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау ұсынылды.
Сонымен қатар, өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша орындалу мерзімдері мен жауапты тұлғалары көрсетілген кешенді іс-шаралар жоспарын әзірлеу ұсынылды.
Медицина жұмыскерлеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және осындай оқиғалардың қайталануына жол бермеу Департамент қызметінің басым міндеттерінің бірі болып қала береді.









