
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО боыйнша департаменті өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және өңір жұмыс берушілерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру аясында 08.10.2026 жылы Мемлекеттік еңбек инспекторымен «Батыс Қазақстан Аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-ның Жәнібек АЭЖ-не ұжымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Кәсіпорын басшылығымен және еңбек ұжымымен өткен кездесу барысында келесі мәселелер жан-жақты қаралды:
-Ішкі бақылауды ұйымдастыру: еңбекті қорғауды басқару жүйелерін (ЕҚБЖ) енгізу және әрбір жұмыс орнындағы кәсіби тәуекелдерді бағалау карталарын тұрақты түрде өзектендіру.
-Қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету: сертификатталған арнайы киімдерді, аяқ киімдерді және жеке қорғану құралдарын (ЖҚҚ) уақтылы беру, сондай-ақ олардың қызметкерлер тарапынан нақты қолданылуын бақылау.
-Міндетті сақтандыру: қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) шарттарының мәртебесін және өзектілігін тексеру.









