WPC Energy конгресінің эстафетасын тапсыру рәсімі өтті

    1 / 2

    Бүгін Эр-Рияд қаласында WPC Energy конгресінің эстафетасын тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шарада Қазақстанның туы көтерілді. Бұл - 2028 жылы әлемдік энергетика қауымдастығының Астанада бас қосатындығын білдіреді.

    Рәсімге WPC Energy президенті Педро Мирас, Сауд Арабиясының Ұлттық даму қорының басқарушысы Абдулазиз Әл-Арифи және KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина қатысты.

    WPC Energy конгресі алғаш рет Орталық Азияда өтеді. Бұл әлемдік энергетика саласындағы маңызы артып келе жатқан өңір. Қазақстан үшін конгресті өткізу – халықаралық кәсіби қауымдастықты қабылдап, энергетиканың болашағына қатысты көпжылдық диалогты жалғастыруға берілген мүмкіндік.

    «Біз Сауд Арабиясындағы әріптестерімізден эстафетаны мақтанышпен, әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Бірлесе отырып, WPC Energy тарихының жаңа бетін ашамыз. 2028 жылы әлемдік энергетика мәселелері жөніндегі диалог алғаш рет Орталық Азияда өрбиді. Сіздерді Еуразияның жүрегі Астанада 2028 жылғы 11-15 маусым аралығында қарсы алуға қуаныштымыз» – деді KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина.

    Абдулазиз Әл-Арифи Қазақстанға сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.

    2028 жылы 11–15 маусым аралығында Астанада WPC Energy XXVI конгресі өтеді. Осылайша, елордада әлемдік энергетика саласының жетекші өкілдері жиналады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары