Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Кеңес барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптары, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс беруші мен жұмыскерлердің міндеттері, сондай-ақ қауіпсіздік қағидалары мен нұсқаулықтарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Өндірістік жарақаттанудың алдын алуға, жұмыс орындарындағы ықтимал қауіп-қатерлерді анықтауға және оларды жоюға ерекше назар аударылды.
Кеңес қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау, өндірістік бақылауды күшейту және алдағы уақытта осындай жазатайым оқиғалардың қайталануына жол бермеу қажеттілігі ерекше атап өтілді.








