«JANA BOLASHAQ – өз болашағыңды жаса» атты жастарға арналған білім беру марафоны

    «JANA BOLASHAQ – өз болашағыңды жаса» атты жастарға арналған білім беру марафоны

    8 қазанда Өскемен жоғары политехникалық колледжінде «JANA BOLASHAQ – өз болашағыңды жаса» атты жастарға арналған білім беру марафоны өтті.

    Іс-шараны Қоғамды дамыту ақпараттық қолдау қоры Шығыс Қазақстан облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл А.А. Каленовамен бірлесіп, Өскемен қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.

    Марафон жастардың кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауына ықпал етуге, практикалық дағдыларын дамытуға, құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, кәсіпкерлік және көшбасшылық құзыреттерін қалыптастыруға, сондай-ақ жастардың білім алу және кәсіби даму бағытын саналы түрде таңдауына бағытталды.

    Марафон бағдарламасы интерактивті форматта ұйымдастырылып, қатысушылардың тақырыптық білім беру алаңдарында жұмыс істеуін, практикалық тапсырмаларды орындауын, шақырылған мамандармен және түрлі кәсіби салалардың өкілдерімен пікір алмасуын қамтыды.

    Іс-шара барысында кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықты саналы түрде таңдау және одан әрі білім алу бағытын айқындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Марафонға қала колледждерінің 150 студенті қатысты.

    «JANA BOLASHAQ – өз болашағыңды жаса» марафоны жастар үшін белсенді диалог құруға, тәжірибе алмасуға және өздерінің кәсіби болашағына сенімді көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары