Мемлекеттік еңбек инспекторы кәсіподақ өкілдеріне еңбек заңнамасының нормаларын түсіндірді

    Мемлекеттік еңбек инспекторы кәсіподақ өкілдеріне еңбек заңнамасының нормаларын түсіндірді

    2026 жылғы 8 қазанда мемлекеттік еңбек инспекторы А.Ж.Батыров «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық ұйымы» ҚБ Атқару комитетінің отырысына қатысты.

    Кездесу барысында мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек заңнамасының негізгі нормалары бойынша түсіндірмелер берді, сондай-ақ салалық және облыстық келісімдердің ережелерін сақтау жөніндегі практикалық мәселелер қаралды.

    Сонымен қатар, кездесу қатысушыларына өздерін қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік берілді. Келіп түскен барлық сұрақтар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан тиісті түсіндірмелер берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары